$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Медеуде екі ер адам төбелесіп, бір біріне балта ала жүгірген

AstanaTV
29.05.2024ж. 20:00
315
Медеуде екі ер адам төбелесіп, бір біріне балта ала жүгірген

Алматыда Медеу мұз айдыны тұрағында екі адам жанжалдасып , артынша бірі қарсыласына балта ала жүгірген. Әлеуметтік желіде тараған бұл видеодан екі адамның жанжалдасып, кейін біреуінің құлап түскенін көруге болады. Сол маңдағы адамдар төбелеске қатысқан адамның қолынан балтаны алып, жедел жәрдем шақыруға тырысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалдасқандар бір-бірімен таныс. Қазір екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады Алматы қалалық Полиция Департаменті.