$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Балаларды қайыр сұрауға және жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

29.05.2024ж. 20:00
445
Балаларды қайыр сұрауға және жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Кәмелетке толмағандарға күштеп қайыр сұратып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Осындай 9 қылмыс әшкере болды. Ішкі істер министрлігі адам саудасының тағы 40 фактісін тіркеді. Операция барысында Астанада жас қыздарды арын сатуға мәжбүрлеген 17 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Шымкентте де дәл осындай топ құрыққа ілініп, жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарға сес көрсетіп, қайыр сұратқан бизнес ұйымдастырушылар қолға түсті. Олар жылына 10 млн теңге табыс тауып отырған. Қазір барлық қылмыскер қамауға алынды.

Қуандық АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Қылмыстық топтардың әрекеттері Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының аумағында әшкереленді. Онда мүгедектер мен жас балаларды базарлар мен вокзалдар аумағында пайдаланған.Барлық қылмыскерлер құрықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.