$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда әйелін ұрып өлтірген қасқөй 15 жылға сотталды

29.05.2024ж. 20:00
389
Павлодарда әйелін ұрып өлтірген қасқөй 15 жылға сотталды

Павлодар тұрғыны әйелін ұрып өлтірген. Ішімдікке сылқия тойған жұбайы әйелімен сөзге келіп, оны аяусыз ұрып, тепкілеп тастапты. Қатты соққыдан әйел сол жерде жан тапсырған. Қылмысын жасырмақ болған ол пәтерді құлыптап, қашып кетіпті. Марқұмның мәйітін тек бір күн өткен соң, полиция тапты. Сот барысында күдікті кінәсін жартылай ғана мойындады. Алайда, мәйіттен алынған сараптама қорытындысы және өзге айғақ дәлелдер марқұмның соққыдан қайтыс болғанын растады. Сот кінәлі азаматтың бұрын да кісі өлтіргенін ескере отырып, өтелмеген 2 жылын қосып 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 

Нұрлан АЙТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 60, 72 бабы бойынша тағы 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қосылсын. Кінәлі тұлға бәрін қосқанда 15 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтесін.