$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан мен Беларусь қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

29.05.2024ж. 20:00
628
Қазақстан мен Беларусь қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Астанаға Беларусь Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Виктор Хренин ресми сапармен келді. Беларусь мемлекетінен келген әріптесін Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қарсы алды. Кездесу барысында екі мемлекет жауынгерлік дайындық, бірлескен оқу-жаттығулар және әскери-спорттық жарыстар өткізу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь қарулы күштерінің әскери айлақтарында әуе кемелерін қабылдауды, әуе айлақтық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Тараптардың айтуынша, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – әскери білім беру. Қазір Беларусь әскери жоғары оқу орындарында қазақстандық офицерлер мен курсанттар білім алып жүр. Сондай-ақ Қазақстанның әскери өнер аудиториясы ашылмақ.Сапар аясында Виктор Хренин Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Онда жоғары оқу орнының материалдық базасымен танысып, Беларусь әскери өнер аудиториясын аралады.