$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

29.05.2024ж. 20:00
1156
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу жөніндегі кешенді тәсілдердің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.