$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Барселона" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

AstanaTV
29.05.2024ж. 18:45
668
"Барселона" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Испаниялық "Барселона" клубтың жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Барселона" футбол клубының жаңа бас бапкері – Ханс-Дитер Флик. 59 жастағы германиялық маман келесі маусымнан бастап каталониялық команданың тізгінін ұстайды. Флик 1985-1990 жылдары "Бавария" футбол клубында өнер көрсеткен. Ал бапкер ретіндегі мансабын 1996 жылы "Бамменталь" командасынан бастаған. Сонымен қатар "Хоффенхайм", "Зальцбург" және "Баварияда" еңбек етті.

Айта кетейік, испанияық "Барселона" осы жылы Ла Лиганың күміс жүлде иегерлері атанды. Хави бастаған ұжым 38 ойында 85 ұпай жинап, "Реал Мадридтен" 10 ұпай артта қалған еді.