$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Батут орталығы» директорын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

AstanaTV
13.02.2017ж. 20:00
2347
«Батут орталығы» директорын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

6 адамның өліміне себепкер болды деген күдікке ілініп құрықталған Алматыдағы Батут орталығының басшысы Дәурен Тұяқовты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Ол өткен жылдың қараша айында қамалған еді.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:


Бостандық ауданының №2 соты Дәурен Тұяқовты қамауда ұстау туралы мерзімді 27 ақпанға дейін созды. Бұл туралы сот қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді. Қылмыстық материалдармен танысу үшін осындай шешім қабылданды.

Айта кетейік, былтыр қарашада «Алматы Тауэрс» кешенінде Батут орталығын салып жатқан жалдамалы жұмысшылар түтінге тұншығып қаза тапқан. Марқұм болған 6 адамның 5-уі жоғарғы оқу орындарының студенттері болып шықты. Жақында олардың туыстары жалдаған адвокат бұл оқиғаға Дәурен Тұяқовтан өзге де лауазымды тұлғалардың кінәлі екенін мәлімдеді. Ал істің сотқа қашан жететіні белгісіз.