Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда ойын приставкасы үшін адам өлтіргендер тиісті жазасын алды

AstanaTV
13.02.2017ж. 20:00
4088
Алматыда ойын приставкасы үшін адам өлтіргендер тиісті жазасын алды

Алматыда ойын приставкасы үшін адам өлтіргендер тиісті жазасын алды. Сот 25 жастағы Роман Ситакты азаптап өлтірген Таир Әбділдинов пен Азамат Қабденовке үкім шығарды. Олардың біреуі 16 жыл, екіншісі 15 жылға қамалды.

Оқиға өткен жылы қыркүйекте орын алған. Марқұмнан ойын приставкасын жалға алған екеу қарыз ақшаны бермеу үшін қанқұйлы қылмысқа барады. Азғантай ақша үшін Роман Ситактың денесін бөлшектеп, ауладағы қоқыс контейнеріне тастаған. Салқын қандылықпен жасалған қылмыстың беті көп ұзамай ашылып, сыбайластар кінәсін толық мойындады. Судья зардап шеккен отбасына материалдық шығын өндіру үшін қосымша қаулы шығарды. Сотталушылар үкіммен келіспеген жағдайда қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіре алады.

Ольга Долотова, марқұм Р. Ситактың анасы:


Соттың шешімімен келісемін, қаніпезерлер жазасын алды. Ұлым ақылды, ешкімге жамандық ойламайтын жан еді. Оның артында әйелі мен кішкентай сәбиі қалды.