$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

AstanaTV
30.05.2024ж. 13:57
834
Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облыстық полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметшіні ұстаған, - деп жазды KAZINFORM.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер өлтірген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр.

Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.

"Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Сондай-ақ, қамауға алынған екі күдіктінің біреуі бұрынғы әскери қызметші.