«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ата-аналар балаға көбірек көңіл бөлуі үшін «Балаңа уақыт арна!» акциясын жариялады. Отбасы институтын нығайту және оның қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында қолға алынған. Бұл партияның Саяси тұғырнамасындағы негізгі басымдықтардың бірі. Қызметкерлер отбасымен көбірек уақыт өткізуі үшін еңбек тәжірибесіне өзгерістер енгізу қажет. Партия Хатшысы Шолпан Каринова осындай бастама көтерді. Осы арқылы еңбек жағдайы да, отбасылардың әл-ауқаты да айтарлықтай жақсарады дейді ол.
Шолпан КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Отбасы - мемлекеттің тірегі. Екінші, әрбір жұмыс беруші -отбасылы адам. Сондықтан, міндетті түрде басымдықтар ретінде әр адам қаралу керек. Отбасылық құндылықтарды көрсетіп, Қазақстандағы ең жақсы отбасылардың бар екенін білеміз, оны көрсете білуіміз керек.