$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жыл сайын елімізде ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар мыңға жуық бала дүниеге келеді

30.05.2024ж. 20:00
398
Жыл сайын елімізде ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар мыңға жуық бала дүниеге келеді

Жыл сайын елімізде ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар мыңға жуық бала дүниеге келеді. Оларға пластикалық хирургия бойынша қызмет көрсетудің бағдарламасын енгізу керек. Сенатор Жанна Асанова Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс айтты. Науқастар дүниеге келе салысымен ортодонтикалық және хирургиялық көмек алады. Алайда алдағы уақыттағы қажетті пластикалық оталар мен түзету бағдарламалары мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған. 

Жанна АСАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар балалардың бет-бейнесінде біраз өзгерістер болады. Олардың тіс, тіл, жағында ақаулар пайда болып, сөйлеуі бұзылады. Бұл баланың психикасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан бала есейген кезде де оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуі тиіс.