$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы тонаған

AstanaTV
30.05.2024ж. 19:51
387
Қостанайда бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы тонаған

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған. Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.