$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Шығыс Қазақстан облысында әйел жертөлеге құлап кетті

AstanaTV
31.05.2024ж. 08:45
943
Шығыс Қазақстан облысында әйел жертөлеге құлап кетті

Шемонаиха ауданында жертөледен әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Первомайский кентінің зейнеткері жертөлеге түсіп бара жатып сүрініп, биіктен құлаған.

Зардап шегушінің көмекке шақырған дауысын көршілері естіп, құтқарушыларды көмекке шақырған.

Олар полицеймен бірге 1957 жылы туған тұрғынды арқанның көмегімен абайлап көтеріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.