$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркиялық қылмыстық топ қазақстандықтарды 78 миллион теңгеге алдап кеткен

AstanaTV
31.05.2024ж. 10:25
2249
Түркиялық қылмыстық топ қазақстандықтарды 78 миллион теңгеге алдап кеткен

50-ден астам қазақстандық Түркиядан көлік сатып алғысы келіп, ақшаларын алаяқтарға беріп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Қазақстандық көлік сату сайтында түркиялық топ жарнама жариялап, 52 азаматтан жоқ көліктер үшін 78 миллион теңге алдап кеткен», – делінген хабарламада.

Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қамауға алынғанын, ұйымдастырушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Қазақстан заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында алаяқтықпен күрес мәселелері қаралды.

Шара барысында онлайн платформалардан 500-ден астам алаяқтық жарнама жойылып, 57 қылмыстық кибертоп әшкереленгені белгілі болды.