Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірде жаңбыр жауады, найзағай соғады, жел күшейеді.
Елдің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың солтүстігі мен орталығындағы ауа температурасының біртіндеп 17-27 жылуға, ал елдің оңтүстігінде 27-35 жылуға дейін көтерілуі күтілуде.