$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Боччадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

31.05.2024ж. 20:00
2064
Боччадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Боччадан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жүзден жүйрік шыққан спортшылар Ұлттық құрама сапына алынды. Енді олар қараша айында Бахрейн астанасы Манамада өтетін әлем чемпионатында және Польшада болатын халықаралық рейтингтік жарыста ел намысын қорғайды. Айта кетейік, ел біріншілігінде 12 өңірден 90 шақты спортшы бақ сынады. Бүгінде боччамен елімізде 200-ден астам адам айналысады. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биылғы чемпионат өте жоғары деңгейде өтті деп айтуға толық негіз бар. Біздің спортшыларымыз өздерінің жоғары шеберлігін көрсетті. Төрешілеріміз әділ болды. Осындай чемпионатымызды өте жоғары деңгейде өткізген, соған үлес қосқан барлық спортшыларымызға, жанкүйерлерге, ата-аналарға ризашылығымызды білдіріп, рақмет айтамыз!