$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"ДЕМЕУ" оңалту орталығында балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды

31.05.2024ж. 20:00
1042
"ДЕМЕУ" оңалту орталығында балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды

Өскеменде "ДЕМЕУ" оңалту орталығында балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда "Жастар рухы" жастар қанатының өкілдері балаларға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар табыстады. Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және сөйлеу қабілеті нашар 80 бала бар. Олар массаж, логопед, дефектолог, психолог мамандарынан ем қабылдайды. Мамандар бүлдіршіндерді қоғамдық ортаға бейімдеп, еркін қарым-қатынас жасауға үйретеді. 

Мадина ӘУРЕНОВА, «ДЕМЕУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз жәй-жәй алға қарай жылжып келеміз. Бірақ бұл жұмыста мамандардың орны өте маңызды. Мәселен жыл басында балалар ойыншық ұстауды білмей, көздеріңе де қарай алмай келеді. Кейін жыл соңында маманның сұрақтарына еркін жауап береді. Өз еріктерімен жұмыс істей бастайды. Бұл бізді өте қатты қуантады.

Қорлан ТОҒАМБАЕВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ШҚО ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«ДЕМЕУ» орталығының барлық қызметкерлеріне ерен еңбектері үшін алғыс білдіреміз және әрбір балаға бақытты балалық шақ, денсаулық, қуаныш тілейміз.