$494.87 €520.65 ₽4.91
×

14 пен 35 жас аралығындағы жастар мен студенттер жұмысқа орналаса алады

31.05.2024ж. 20:00
1218
14 пен 35 жас аралығындағы жастар мен студенттер жұмысқа орналаса алады

Екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар жұмысқа орналаса алады. "Жасыл ел" жобасы 14 пен 35 аралығындағы жастар мен студенттерді жұмысқа қабылдамақ. Әлеуметтік жоба 20 жылдан бері жастарға қолдау көрсетіп келеді. Биыл көпбалалы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын жұмыспен қамту көзделіп отыр. Оларға арнайы киім және бір айлық мөлшердегі еңбекақы төленеді. 

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінеді. Мәселен, 14 жасқа толған оқушылар өз мектептерінің маңында жұмыс істейді. Одан бөлек саябақтар мен ағаштарға күтім жасап, арамшөптерін тазалайды, қоршаған ортаның көркеюіне осылайша өз үлестерін қосады. 14 пен 16 жас аралығындағылар жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 5 күн, 4 сағаттан кем емес жұмыспен қамтылады.

Асылбек АБДУРАШИТОВ, "РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖАСАҚТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ" ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жобаға келген жастарға, студенттерге арнайы экипировкамен қамтамасыз етеміз. Содан кейін бір айлық мөлшерде 65 теңге көлемінде айлық берілетін болады. Әлеуметтік желілерде өз парақшамыз бар сол жерде көрсетілген номерлер немесе сол жерге жазса. Барлық өтінімдерді қабылдап, жұмыспен қамтамасыз ететін боламыз

Биыл жоба аясында 4200 адамды жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, көпбалалы ,әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатыса алады. Олар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Абай ҚАДЫЛБЕК, ЖОБА ҚАТЫСУШЫСЫ:

Осы проектті инстаграм желісінен көргенмін әкімшіліктен. Желіге шығып, осы жұмыс өзіме ұнады. Неге десеңіз өте қолайлы. Бос уақытыңда келіп жұмыс істейсің. Қалай мектеп бітеді, солай шыға беруіңе болады.

Қатысушылар әлеуметтік желі арқылы өтінім қалдары алады. Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасының биылғы ұраны – «Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі».