$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биыл Астананың 50 көшесі ретке келтіріледі

31.05.2024ж. 20:00
445
Биыл Астананың 50 көшесі ретке келтіріледі

Еліміздің қай өңірінде болсын, жол мәселесі-өзекті. Басқаны былай қойғанда, елорданың өзінде ішкі көшелердің сапасы сын көтермейді. Жыл сайын жөндеп-ақ жатады. Бірақ, тақтайдай түзу жолды сирек кездестіресің. Ойдым-ойдымы шыққан асфальт жұрттың ығырын шығарады. 

Астанада мыңнан астам көше бар. Биыл соның 53 шақырымына, яғни, 50 шақты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қыстан кейін жолдар ойылып, шұрық – тесік көбейген. Бірақ, оны бітегенмен , ойықтар қайта пайда болады дейді тұрғындар.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Астананың жолдары нашар. Жолдарын істеу керек. Ямочный жолдарды істеу керек. Люктің бәрі төмен түсіп кеткен. Көліктерге зиян. Машинаның ходовойына зиян. Оның бәрі қаншама ақша тұрады.
- Жолдар вообще бітті. Рас айтамын. Қыстан кейін бүкіл жер тесіліп жатыр.
- Мен кеше Астананың сыртында жүргенмін. Ол жақта жол деген жоқ мүлдем. Астананың ішінде де жолдар түсіп жатыр. Қарамасаң, машинаң тесікке кіріп кетеді.

Жолдың кепілдік мерзімі– 3жыл. Осы уақыт ішінде анықталған олқылықты мердігер өз қаражаты есебінен түзетеді. Ал егер істемесе, жауапкершілікке тартылады. Былтыр жұмысына жүрдім-бардым қараған компанияларға 64 МЛН теңгеден аса айыппұл салынған. 18 техникалық- қадағалау маманы жұмыстан босатылды.

Зауырбек ҚЫПШАҚБАЕВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» БҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Өрескел кемшіліктер асфальт-бетон жамылғысының қалыңдығы сәйкес келмей жатады. Тығыздығы мен суға қанықтылығы осы стандарт талаптарына сәйкессіздік болып жатады. Техникалық қадағалау жұмыстары өте әлсіз. 3-5 басында эксперт жүруі керек болса, кейбір кезде біз объект басынан бір де бір инженерді таппай жатамыз.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Жолдың тегіс әрі сапалы салынуы үшін, ең алдымен ондағы артық тастармен қоқыстан арылу қажет. Осындай күрделі жұмыстардан соң асфальт төсеуге кірісуге болады.

Биыл көшелерді ретке келтіруге жергілікті бюджеттен 15 млрд тг бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 3 млрд теңгеге артық. Бұған бірінші санаттағы жұмыстар жамау, бетон төсеу жұмыстары атқарылады. Ал күрделі жөндеу 15 жылда бір рет жүргізіледі дейді жауаптылар.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Жолда шұңқырлар пайда болады, сондықтан ағымдағы жөндеуден кейін орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл жол саласы үшін қалыпты жағдай, бұл жерде мәселе сапаға келіп тірелмейді, көптеген фактор бар. Мысалы, ауыр жүктерге қатысты, нормаларға сәйкес, жолға түсетін жүктеме 25 тонна болуы керек, ал кейде 100 тоннадан асып кетеді. Бұл жолды бұзады, осыған байланысты қосымша жөндеу жұмыстарын талап етеді.

Жол салудағы тағы бір өзекті проблема – ол маман тапшылығы. Бір шақырым жолды салу үшін бір күн уақыт жұмсалса, оған жұмылдырылатын адам саны – 20дан асады.

Айдар МЕҢЕЕВ, БҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда автогрейдер-машинист, жүргізушілер, геодезистер секілді техникалық мамандықтар қазір жетіспеушілікте. Мердігер мекемелер жақсы жалақы қойып жатыр. Бірақ маман жоқ.

Маман тапшылығын шешу мақсатында оқу орындарында арнайы жолшы мамандығын оқыту жоспарлануда. Соған сәйкес бұл мамандыққа бөлінетін грант саны көбеюде.