Павлодарда кеме капитаны суға батып кетті. Оқыс оқиға Аққулы ауданында болған. Ол кемені жөндеу кезінде абайсызда өзенге құлап кеткен. Бірақ, оны дер кезінде құтқару мүмкін болмапты. Тек 20 күннен соң, құтқарушылар оның денесін судан алып шықты. Іздеу жұмыстарына Ертіс өзенінің тасуы, лайлануы, ағынның күшеюі кедергі келтірген. Мәйітке сот медициналық сараптама жасалды. Оның ішімдік ішкен, ішпегені анықталмақ.
Ерлан ҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бірінші 3 күн автивті іздестіру барысында денесі табылмады. Соңғы 7 күн іздестіргенде, ол дегеніміз 20-ншы күні іздестірудің Ертіс өзенінің ағысы бойынша төменірек 60 км жерде табылды.