Астанада ер адам құрылыс кранынан құлап, көз жұмды. Төтенше жағдай елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде болды. Оқиғаның куәгері түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, жұмысшыны аман алып қала алмады. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Эльмира ШАУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Аталған факті бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.