Елордада ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы мен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне арналған қалалық күйшілер байқауы өтті. Конкурсқа 18 бен 20 жас аралығындағы 23 күйші қатысқан. Олар Дәулеткерей, Құрманғазы мен күйші Динаның шығармаларын орындады.
Марат ӘБСЕМЕТ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙДЫҢ БАСШЫСЫ:
Жас балалар болғаннан кейін, гран-при – 400 доллар, бірінші орын – 250 доллар, 2-орын - 200 доллар, үшінші орын – 150 доллар. Марапттаулар бар. Академия ректорының атынан бар. Өз атымнан болады. Демеушілер бар, нағашылары болады Сәкеннің.
Күйшілер байқауы алғаш рет өткізілді. Ұйымдастырушылар шараны әрі қарай жалғастыруға ниетті. Жеңімпаздар енді республикалық деңгейдегі сайыста бақ сынайды.
Жанғали ЖҮЗБАЙ, КҮЙШІ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Күй сайысының бір ерекшелігі бар. Біріншіден – зұлмат жылдарда шыққан күйлердің конкурсы. Бұл бұрын соңды болған емес. Бұл бірінші рет Сәкеннің музейінде басталайын деп отыр.