$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады

31.05.2024ж. 20:00
469
Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады

Премьер-Министр Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Комиссия 235 млрд теңгеден астам қаражатқа активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасасуды мақұлдады. Оның ішінде 230 млрд теңге ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылатын болады. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарындағы акциялар, жер телімдері және Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді. Жалпы, жыл басынан бері Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңге қайтырылды. Онда 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары мен қымбат зергерлік бұйымдар да бар.