$480.55 €533.75 ₽5.36
×

«Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері балаларға ойын-сауық шарасын өткізді

31.05.2024ж. 20:00
349
«Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері  балаларға ойын-сауық шарасын өткізді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Астана Тазалық» мекемесі қызметкерлерінің балаларына арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері атсалысып, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында балаларға ойын-сауық шоуын өткізді. Көңілді ән мен би, түрлі ойындар бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. Жүзі бал-бұл жанған балақайлардың қуанышында шек жоқ. 

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сол коммуналдық қызметкерлердің балаларын біз халықаралық балалар күнімен құттықтау үшін арнайы осындай мерекелік іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Себебі енді ата-аналары күн-түн демей, біздің қаламызда тазалықты сақтау үшін қызмет етіп жатыр. Сондықтан мереке қарсаңында балаларымен сапалы, тиімді осы жерде жақсы уақыт өткізсін деп балалар ойнайтын жерге шақырып, ата-аналарымен бірге уақыт өткізеді.

Гүлмира АЙМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

1-маусым балалар күніне осыны ұйымдастырып жатқандарына көп-көп рахмет. Біз енді азаннан бастап ұзақ жұмыста боламыз, бала-шағаға көп көңіл бөле алмаймыз. Осы бір мейрамдарында көңіл бөліп, Аманат партиясының Жастар рухына көп рахмет.