$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«AMANAT» партиясының мүшелері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды

31.05.2024ж. 20:00
931
«AMANAT» партиясының мүшелері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды

«AMANAT» партиясының мүшелері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Рухтарына құран бағыштап, тағзым етті. Айта кетейік, Президент бастамасымен құрылған боздақтарды толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына партия мүшелері де белсене атсалысты. 

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз партияластар мен жастар болып саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын, ата-бабаларымызды еске алу күнінің қарсаңында Алжир лагеріне келіп, гүл шоқтарын қойып тағзым еттік. Жалпы бұл дәстүрлі форматта жыл сайын өтіп тұрады. Және де біз осы ата-бабаларымызды еске алу, оларға тағзым ету біздің парызымыз деп білеміз.