$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жұбайының келісімінсіз несиеге тыйым салу : Ұлттық Банк басшысы қазақстандықтарға ұсынылған заңға пікір білдірді

AstanaTV
31.05.2024ж. 15:24
1237
Жұбайының келісімінсіз несиеге тыйым салу : Ұлттық Банк басшысы қазақстандықтарға ұсынылған заңға пікір білдірді

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстанда жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салуды көздейтін заң жобасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тимур Сүлейменов бұл мәселені ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдаған дұрыс екенін алға тартты.

"Екі мекеме де қаржы реттеушісі болып саналады. Бірақ біз Ұлттық Банк макропотенциалдымыз, яғни жалпы жүйеге жауаптымыз. Ал агенттік екінші деңгейдегі банктердің қызметіне тікелей байланысты мәселелерді реттейді. Сондықтан, әрине, бұл сұрақ оларға қойылуы тиіс", – деп түсіндірді ол.

Ұлттық банк басшысы жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салу туралы заңға өз пікірін де білдіре кетті.

"Менің ойымша, нормаларды ақылмен қолдану керек.Түсінуімше, агенттік қазір бұл келісімді қандай да бір шекте жасайды. Яғни, егер біреу жалақыға дейін 50 мың теңге қарыз алғысы келсе, жұбайының келісімі қажет емес болады. Ал егер ол 10 миллион теңге қарыз алғысы келсе, онда, әрине, бұл қарызды кейін екеуіне бірге өтеуге тура келеді. Сондықтан тепе-теңдікті сақтап, мәселе болмау үшін мұндай шараның болғаны дұрыс. Себебі егер адам жауапсыз болса, өзінің ғана емес, сонымен бірге отбасының да әл-ауқатына қауіп төндіреді. Мұндай жағдай болмауы керек. Барлығында бірге келісім болуы керек. Отбасы болғасын бұл шешімді бірге қабылдаған жөн” - деді ол.