$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Футболдан ұлттық құраманың келесі бапкері 1,2 млн еуро жалақы алуы мүмкін

AstanaTV
01.06.2024ж. 19:31
2423
Футболдан ұлттық құраманың келесі бапкері 1,2 млн еуро жалақы алуы мүмкін

Бас бапкер Магомед Адиев қызметінен кеткеннен кейін футболдан Қазақстан құрамасын кім жаттықтыруы мүмкін екені белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ахмат» футбол клубындағы жұмысына байланысты ұлттық құрамадан кеткен Магомед Адиев өзінің орнына Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесовті ұсынды.

Тараптар ықтимал тағайындау бойынша байланысқа шығып, Черчесовке келіссөздердің соңғы кезеңіне өту үшін Астанаға билеттер алғаны айтылды. Жақын арада Черчесов Қазақстан құрамасымен келісімшарт жасауы мүмкін. Ол жылына 1,2 миллион еуро табыс табады.

Айта кетейік, Черчесовтің басшылығымен 2018 жылы Ресей құрамасы әлем чемпионатында 1/4 финалға жеткен. Ол бүгінге дейін «Ференцварош», «Легия», ресейлік «Динамо» (Мәскеу), «Амкар», «Терек», «Жемчужина», «Спартак» (Мәскеу) және австриялық «Ваккер-Тироль» командаларын жаттықтырған.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бастап жаттықтырды. Онымен бірге команда В дивизионына түсіп, Ұлттар лигасында өз тобында көш бастады, сонымен қатар Еуро-2024-ке жолдама алу үшін соңына дейін күресті. Бірақ шешуші ойында Грекиядан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.