Pavlodarnews.kz 109 қызметінің мәліметіне сүйене отырып, 1 маусымда сағат 11:55-те оңтүстік су қабылдағыштың 110 киловольт бірінші кіреберісінде апаттық үзіліс болғанын, осыған байланысты барлық шаруашылық ауыз су сорғылары ажыратылғанын хабарлайды.
"Өшіру схемасы 12:41-де қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта апаттық жағдайды болдырмау үшін су қысымы төмендеді", делінген хабарламада.
Үш-төрт сағат ішінде су қысымы мен су беру толық қалыпқа келтірілетіндігі де нақтыланады.