$478.96 €533.03 ₽5.22
×

«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

AstanaTV
02.06.2024ж. 02:08
3038
«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадрид» «Боруссия Дортмунд» командасын жеңді.

Алғашқы таймда есеп ашылмады. Негізі бірінші кезеңде «Боруссия Дортмунд» ойыншылары жиі шабуылдады. Ал екінші кезеңде испаниялық клубтың басымдығы байқалды. Олардың тарапынан бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырылды.

Ойынның 74-минутында «Реал Мадрид» сапынан Даниэль Карвахаль гол соқса, Винисиус Жуниор 83-минутта есепті еселеді.

Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты төбесіне көтерді.