$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Жеңіл көлік жарықтандыру бағанасына ұшып кетті: Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам зардап шекті

AstanaTV
02.06.2024ж. 12:35
1750
Жеңіл көлік жарықтандыру бағанасына ұшып кетті: Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам зардап шекті

Алматыда 2 маусым күні таңғы сағат 07:00 шамасында Гоголь мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында Mitsubishi Outlander көлігі жолдан шығып кетіп, бағанаға соғылып, арыққа құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, Гоголь көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Mitsubishi Outlander жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жарықтандыру бағанасына соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгінді.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Егер жолаушылардың ешқайсысы ауыр жарақат алмаса, жүргізуші 40 тәулікке дейін қамауға алынады.