Kesh You тобының экс-солисі Наргиз Алтайбай топтың соңғы құрамы неліктен танымал болмай қалғанын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Расында көбі "сендердің құрам танылмай кетті" деп айтады. Бір шеті 5 жыл - аз уақыт емес. Оның үстіне біз топқа енді келдік. Баян Мақсатқызының реніші болғандай. Карантин кезіне сәйкес келіп қалдық. 2-3 жылдай концерттер болмады. Карантинге реніші болды. Бізге ақша көп салды. Бірақ ақталмай қалды. Өзі ойлағандай нәтиже болмады", - дейді әнші OZMZ ғой бағдарламасына берген сұхбатында.
Наргиздің сөзінше, топ құрамында болған қыздар әлі күнге дейін Баян Мақсатқызымен жақсы араласады.