$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Атырауда тағы бір жолдың қозғалысына шектеу енгізілді

AstanaTV
03.06.2024ж. 08:07
3330
Атырауда тағы бір жолдың қозғалысына шектеу енгізілді

Атырауда "Х.Ерғалиев - Таңдай" жолында жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметінше, соңғы бес күннен бері "Х. Ерғалиев - Таңдай" бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр.

Судың көп мөлшерде келуіне байланысты топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалуда. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталмыш жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді.