$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қатты жауын салдарынан су тасқыны болды

AstanaTV
03.06.2024ж. 09:00
2096
Қатты жауын салдарынан су тасқыны болды

Қатты жаңбырдың салдарынан үш адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Судың көтерілуінің ең жоғары деңгейі Батыс Швабияда, Жоғарғы Аллгойда және жоғарғы Баварияда байқалады.

Аугсбургте қатты жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алдағы сағаттарда су деңгейі күрт көтеріледі деп болжанып отыр.

Боден көлінің ауданында су тасқыны қаупі бар. Меккенбойренде, Баден-Вюртембергте 1 300-ге жуық адамға эвакуациялау ұсынылды.

Оңтүстік Германияның кейбір аймақтарында су тасқыны туралы ескерту жарияланды.

Италияда жұма күні елдің солтүстік-шығысындағы Натисоне өзенінің тасқыны салдарынан үш адам жоғалып кеткендігі туралы ақпарат тарады.

Оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.