$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Чехияда найзағайдан зардап шеккендер саны 18-ге жетті

AstanaTV
03.06.2024ж. 11:36
2238
Чехияда найзағайдан зардап шеккендер саны 18-ге жетті

Чехияның солтүстігіндегі Либерец қаласында найзағайдан зардап шеккендердің саны қазірдің өзінде 18 адамға жеткен. Оның ішінде екі жастан он алты жасқа дейінгі 9 бала бар. Олар түрлі жарақатпен ауруханада жатыр, - деп жазды KAZINFORM.

Жергілікті СTK агенттігінің хабарлауынша, кейбір зардап шеккендердің жағдайы «ауыр» деп бағаланып, оларға шұғыл ота жасауға тура келген. Бір кішкентай бала тікұшақпен Праганың Мотоль ауруханасына жеткізілді.

«Демалыс күндері жауған нөсер жаңбыр Чехияның оңтүстік-батысындағы өзендердің деңгейін көтерді. Радбуза өзенінің су деңгейі көтеріліп, Станьков мен Домажлицко өңірінде су тасқынының қауіпті кезеңі туындады», - деп хабарлады жергілікті агенттік.

Естеріңізге салсақ, 2 маусымда кешкі уақытта саябақта балалар мерекесі өтіп жатқан кезде балаларға найзағай түскен болатын. Полиция 15 адам жараланғанын тіркеген еді.