$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Әкімдік есепшісі жалақысына бірнеше миллион теңге қосып алған

AstanaTV
03.06.2024ж. 16:36
Әкімдік есепшісі жалақысына бірнеше миллион теңге қосып алған

Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды.

Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады.

"Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді."

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.