$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде эвакуациялық пункттегі балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды

03.06.2024ж. 20:00
1451
Ақтөбеде эвакуациялық пункттегі балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды

Ал Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасы балаларына арнайы мерекелік шара өтті. “Амаnат” партиясының белсенділері мен штаб мүшелері эвакуациялық пункттегі балаларды мерекемен құттықтап, жақсы көңіл -күй сыйлады. Мерекелік шаралар облыстың 12 ауданында және қалада өтті. Марат Оспанов атындағы медицина университеті жатақханасындағы думанға 150 бала қатысты. Аниматорлар түрлі ойындар мен конкурстар ұйымдастырды. Балақайлар ән айтып, би билеп, асфальтқа сурет салды. Барлық балаларға мерекелік сыйлықтар мен балмұздақтар үлестірілді. 

Ербол ДАНАҒҰЛОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Жалпы баланы қай уақытта да баланы қолдау, қорғау ата-ана, қоғамның міндеті. Біздер балаға барлық жағдайды жасауымыз тиіс. Мемлекет барлық жағдайды жасапта жатыр. Қазіргі таңда әр бір балаға қуаныш сыйлау, әрбір балаға жақсы өмір сыйлау , жақсы болашақ сыйлау ол біздің басты міндетіміздің бірі.

Байбек ҚАДІРБЕРГЕН, АТА-АНА:

Балалар қорғау күні құтты болсын! Балалар бақытты болсын! Елімізде тек бейбітшілік, ашық аспан болсын. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын! Тек балалар кішкентайлар қиыншылық көрмесін. Мына іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр.