$487.24 €529.34 ₽5.02
×

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті балалар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды

03.06.2024ж. 20:00
1997
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті балалар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды

Жаздың алғашқы күнімен қатарласа келетін мереке еліміздің түкпір-түкпірінде тойланды. Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті де думанды шара ұйымдастырды. Оқу орны алаңында мерекелік концерт, шеберлік сағаты болды. Сондай-ақ қазақша күрес, ләңгі, арқан тарту, қолкүрес сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты жарыстар өтті. 

Думан ЕРКІНҰЛЫ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚазАТЗУ “АҚЖЕЛКЕН” СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мереке көңілді өтуде.Біздің басшылықтың қолдауымен.Мерекені ұйымдастырдық.Қазір балаларға беретін сыйлықтарымыз бар.Мінекей жастар театрынан актерлары келіп балалардың көңілін көтеріп жатыр.Өзіміздің концерттік бағдарламамыз бар.

Еңлік ЕРКІН,  ОҚУШЫ:

Маған бұл кеш қатты ұнады.Мультфильмнің кейіпкері келді. Қызықты өте. Балалар билеп өздерін көрсетіп. Бұл жерге келгеніме мен өте қуаныштымын!