$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен отбасылық жарыс өтті

03.06.2024ж. 20:00
1040
Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен отбасылық жарыс өтті

Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Айланд Фэмили Ран отбасылық жарысы өтті. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға жүзден астам отбасы қатысты. Ата-аналар перзенттерімен бірге екі жарым шақырымды жүгіріп өтті. Жарыстың демеушілері белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ бүлдіршіндер түрлі байқаулар мен ұтыстарға қатысып, аниматорлардың қойылымын тамашалады. 

Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Аталмыш шара отбасылық институт, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау барысында жасалып отыр. Әрбір бала отбасында не көреді, ата-анасынан қандай бағыт алады, түзде сол нәрсені істейді. Сондықтан ата-ана мен баланың арасындағы жылулықты арттыру үшін, сабақтастықты арттыру үшін осындай отбасылық жүгіріс іс-шарасын ұйымдастырып отырмыз.

Балаларды қорғау күнін AMANAT партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы да кең көлемде атап өтті. Облыс аудандарында бүлдіршіндерге арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оралдық өрендер де осы өнер кешінде әннен шашу шашып, көрерменді қуантты. Олардың дені жергілікті өнер мектебінде тәлім алып жүр. 

Айсұлтан САМАТҰЛЫ, ОҚУШЫ:

Домбыраны мен анамнан үйрендім десе болады. Мен мұнда жаңа достар таптым және өзімнің хоббиімді таптым. Өскенде күйші боламын және оны тастамаймын.