$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетісулықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Жетісулықтар  қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Жетісулықтар да қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Қоғам белсенділері Ілияс Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. 

Өткен заманның жазықсыз құрбандарының арасында халқымыздың біртуар перзенттері аз болған жоқ. Тарихи әділеттілік оларды ақтап қана қоймай, ұлт үшін ұлы істер тындырған тұлғалардың еңбегін еске алып, келешек ұрпаққа жеткізу, жастарға үлгі етуді талап етеді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл тарихи тағылым ала отырып, сонымен бірге сол кезде болған драмалық, трагедиялық бүкіл қозғалыстардың барлығын біз өзіміздің ұрпақтарымызға жеткізіп отыруымыз керек. Бұл менің ойымша келесі ұрпақтарға Тәуелсіздіктің құндылықтарының қандай екендігін және ең негізгісі Тәуелсіздіктің біздің мемлекетімізге, елімізге қандай құнмен келгендігін көрсететін үлкен бір іс-шаралар, үлкен бір қадам деп айту керек.

Шара одан әрі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына – ұрпақтар тағзымы» атты конференциямен жалғасты. Онда зиялы қауым өкілдері қуғын-сүргінде болған тұлғалар, оқиғалар жайлы зерттеулерін ортаға салып, өздерінің ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ Жетісу облыстық жұмыс тобының босқындыққа қатысты архив құжаттары бойынша атқарған үлкен жұмыстары да баяндалды

Қажет АНДАС, САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ӨҢІРЛІК ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізде 13 халықтық көтеріліс болды. Көптеген бабаларымыздың батырлығы әлі насихатталмай жатыр. Бізде көптеген Алаш қайраткерлері болды, Алаш әскері де осы Жетісуда құрылды. Бірақ олардың ерлік істері, олардың ұлылықтары ұрпаққа жетпей отыр.

Облыста 13 халықтық көтеріліс болған. Және наразылықтар және қуғын-сүргін құрбандары атылған, сотталған, жерленген 12 орын бар. Қазір өлкетанушылар осы бағытта жұмыстарды жүйелеп жатыр.