$487.24 €529.34 ₽5.02
×

"Мәдениет саласының қызметкерлерінің айлығы шайлығына жетпейді", - депутат

03.06.2024ж. 20:00
365
"Мәдениет саласының қызметкерлерінің айлығы шайлығына жетпейді", - депутат

"Мәдениет саласының қызметкерлерінің айлығы шайлығына жетпейді". Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай "Miras" республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деді.  Мамандардың көбі 100 мың теңгенің шамасында жалақы алады. Әсіресе архив ісі қызметкерлерінің айлығы тым төмен. Соған қарамастан, күндіз-түні көне кітаптарды ақтарып, жанкешті жұмыс істеп жатыр. Шетелде мұндай мамандарға жасалатын жағдай да, сұраныс та өте жоғары деңгейде. Ал бізде жастар бұл жұмыста ұзақ тұрақтамайды. Сондықтан сала қызметкерлеріне қолдан келгенше қолдау көрсету керек дейді депутат. 

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мәдениет саласының қызметкерлерінің жалақысын 2 есеге дейін көбейту "АMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілген, айқындалған. Жалақысы төмен болғаннан кейін олар несие ала алмайды, баспана мәселесі шешімін таппайды. Бір-бірімен байланысып жатқан дүние. Қымбатшылық тежеу бермей тұрған күрделі кезеңде қымбатшылықтың салмағын мейлінше қатты сезініп жатқан мәдениет саласының қызметкерлері.