$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Ерлан Қарин Мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі мәселелері туралы сөз сөйледі

03.06.2024ж. 20:00
575
Ерлан Қарин Мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі мәселелері туралы сөз сөйледі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі мәселелері туралы сөз сөйледі. Жиында соңғы бес жылда қалыптасқан саяси бағдардың тұжырымдамалық негізіне және оның құрамдас бөліктеріне тоқталды. Сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы жайлы сөз қозғады. «Әділдік» қағидатын дәл осылай түсіндіру елімізде кешенді түрде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформаларға ортақ тақырып екенін жеткізді. Жиын соңында Ерлан Қарин тыңдаушылар мен Академия ұжымының сұрақтарына жауап берді.