$494.87 €520.65 ₽4.91
×

60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды

03.06.2024ж. 20:00
525
60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды

Қырғызстаннан жеткізілген 39 тонна шиеден зиянкес анықталды. Сондықтан мамандар оны кері қайтарған. Дрозофила зиянкестерінің дернәсілімен зақымданудың 2 жағдайы тіркелген. Сонымен қатар, Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылды. Биыл жыл басынан бері Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген 16-млнға жуық тонна қызанақ әкелінген. Импортталған қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік сараптама жасалып, өнімнен "қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы" табылды. Нәтижесінде 60 тонна өнімнің кіргізілуіне тыйым салынып, кері қайтарылды. 

Мұхтар Алиев, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

29 мың тонна көлемінде импортталған өнім әкелінді. Соған байланысты, фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауына байланысты 8 автокөлік кері қайтарылған болатын. Ол алып келетін өнім: Түрікменстан, Өзбекстан республикасынан алып келінеді. 4,2 тонна Өзбекстан, 56 тонна Түркіменстанға кері қайтарылған болатын. Залалданған өнім, лабораториядан анықталған өнім кері қайтарылды.