$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті

03.06.2024ж. 20:00
651
Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті

Қасым Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен жүздесті. Президент кездесу барысында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жетті. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сіздің басшылығыңызбен көпжақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға және тең жағдай жасауға бағытталған үлкен трансформациядан өтетініне сенімдіміз. Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.