$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Дертті ерте анықтаған дәрігер қосымша сыйақы алады

AstanaTV
04.06.2024ж. 14:10
635
Дертті ерте анықтаған дәрігер қосымша сыйақы алады

Науқастың дертін ерте анықтаған дәрігер қосымша сыйақы алады. Елдегі медицина саласында осындай жаңалық бар. Сыйақыны автоматтандырылған жүйе анықтайды. Егер дәрігердің алған балы көп болса, табысы да қомақты болмақ.

Енді аймақтық емханада жұмыс істейтін дәрігерлерге ауруды ерте сатысында анықтағаны үшін сыйақы беріледі.Аурудың күрделілігі мен дәрігердің лауазымдық міндеттеріне қарай бонустық сыйақының да көлемі артады.

Әсел Қыдыралиева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы: - Ерте сатысында өкпе туберкулезін анықтаған жағдайда және де қатерлі ісіктерді ерте 0,1,2,2А сатысында анықтаған аймақтық қызметкерлерге өзі ынталандыру компоненттік үстіне бонустық ретінде 1 АЕК-дан 5 АЕК-ға дейін бір жағдайда есептелініп отырады.

Жалпы аймақтық ақ халаттыларға бұған дейінде ынталандыру сыйақысы төленіп келеді. Ал бұл жоба арқылы тек методика өзгерген. Оған себеп аймақтық дәрігерлерге жүктелетін жүктеме мөлшері көп. Өйткені аймақтағы бір дәрігер мен 3 мейірбике бір ауданның халқының динамикалық бақылауы, уақытылы скринингтен өтуі сынды барлық кезеңдеріне жауап береді.

Әсел Қыдыралиева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы: - Емхана қызметкерлерінің ынталандыру мақсатында себебі аймаққа түсетін жүктеме аз емес, 3 мейіргер әрбір аймақтан бір бір дәрігерден жұмыс атқарады, олардың әрқайсысына 1700 ден халық тіркеледі кемінде, осы 1700 халықтың барлық осы аймақта тіркелген халықтың тікелей жауап беретін осы аймақтық қызметкерлер.

Жалпы халықтың уақытылы ем қабылдап, дер кезінде скринингтен өтуі кез келген ауруды алдын ала анықтауына көмек. Жеңіл сатысында ем қабылдаса, ауруды өршітпейді.

Меруерт Жұмажанова, медициналық-генетикалық консультациялар бөлімінің меңгерушісі: - Скринингтен өту тәсілдері, немесе жалпы ағзаны толықтай тексерістен өткізу бұл әр адам үшін маңызды. Мамандар осы тексеріс арқылы қандай да бір ауытқу болмаса қауіп барын анықтап, арнайы ем-дом жасайды. Бұл қатерлі аурулардың ерте кезеңде анықтауға көмек.

Ақ халаттыларға берілетін сыйақы автоматтандырылған арнайы жүйе арқылы есептеледі. Аймақтық дәрігерлердің науқасты қабылдауы, ем қоюы жүйеге тіркеліп, оған бонустық және баллдық жүйе бойынша ұпай қойылады. Мұнда ең көп ұпай саны 100, ал бір ұпай 4,5 айлық есептік көрсеткіш болып бағаланады,-деп хабарлайды 24.kz.