$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда масаға таланған балалар саны күрт көбейіп кетті

04.06.2024ж. 20:00
712
Атырауда масаға таланған балалар саны күрт  көбейіп кетті

Атырауда масаға таланған балалар саны күрт көбейіп кетті. Дәрігерлердің айтуынша, тәулігіне кем дегенде 30 бүлдіршін көмекке жүгінеді. Алайда шаһарда маса улау жұмысының конкурс қорытындысы әлі күнге шықпай отыр. Қансорғышты жоямыз деген мекемелердің құжаттары дұрыс болмай конкус өтпеген. 

Облыстық балалар ауруханасына маса мен шіркейге таланған балалар көптеп келуде. Ата-аналар беті-аузы ісіп, көзін аша алмай қалғандар сәбиін жұбата алмай әлек.

Әйгерім ДӘУЛЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Егер ісік үлкен болған кезде біздер өзіміздің перпараттарымызды саламыз. Укол ретінде. Ал кішкентай ісітер болатын босла, үйге кеңестер беріп жібереміз. Ол көбінесе спирттік компрестер басуға, магнезия сулфакпен компресс және шаққан аймағын бала шұқымау керек. 30 бала келді дейік, соны 15-20сына біз укол саламыз. Көбінесе ісікпен келеді олар. Екі көзі бірдей жұмылып қалатын балалар бар.

Бала түгілі үлкендерден де маза қашқан. Қаптаған қансорғыштан саябақта серуендемек түгілі, көшеде жүру мүмкін емес,- дейді.

Алтын ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Далада жүру мүмкін емес. Маса бар, бытыхана бар. Балаларды қыдырта алмайсың. Ойната алмайсың. Ойнаған құрлы масаның уына да көнбейді масалар. Масаны уласа жақсы болар еді.

Маса улауға ақша бар, бірақ мердігер жоқ. Қаланың өзіне масаны құртуға 100 млн теңге бөлінген. Одан бөлек қала маңындағы 6 ауылдық округтің 38 млн теңгесі тағы бар. Бірақ конкурсқа түскен компаниялардың құжаттары дұрыс болмай, екі мәрте өтпей қалды. Осылайша ақпанның ортасынан бері әлі созбалаңға салынып келеді.

Темірлан ӘУБӘКІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

13 маусым күні шығады деген тұр. Бұл жерде де екі мекеме арасында туындаған дау-дамайлар болып, бір-бірін сотқа беру процестері жүретін болса, қайта созылу процесі болуы мүмкін. Бұл жерден нақты қорытындысы шығып, келісім-шартқа отырмайынша негізгі нақты жұмысты толық айта алмаймыз.

Мамандар масаны улау жұмысы екі айға кешікті деп отыр. Қансорғыш жәндік қара бұлтша қаптамау үшін күресті наурыз айында бастау керек еді,- дейді.

Гүлсара ХОДЖИБЕКОВА, ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Масалар жұмыртқасын суда дайындайды ғой. Ерік состовой сияқты каналдар бар ғой сол жерлерде личинкалар өте көп болады. Сол уақытында жойылса, маса әлдеқайда аз болады. Қазір өте кеш бастылып жатыр, қазір тендер аяқталған да жоқ мысалы. Демеушілердің арқасында біздер жайлап шығып жатырмыз.

Тұрғындардың толассыз шағымынан амалы қалмаған әкімдік, демеушілерге алақан жайған. Осылайша қаладағы 1200ден астам көп қабатты үй жертөлесі мен саябақтарды улау енді басталып жатыр. Ал ауылдық округтерге тендердің қорытындысын күтуге тура келеді.