$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкенттегі сүт өндірумен айналыстын шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияға қолы жетпей жүр

Шымкенттегі сүт өндірумен айналыстын шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияға қолы жетпей жүр

Шымкенттік шаруалар субсидиядан қағылды. Олардың қолдағы малын сатудан өзге амалы қалмай отыр. Өйткені шаһар дербес қала мәртебесіне ие болғалы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің санаты өзгерген. Соның салдарынан қазірдің өзінде аймақтағы 17 ірі мал шаруашылығы жұмысын тоқтатты. 

«Алтынтөбе» шаруа қожалығында асыл тұқымды 300-дей сиыр бар. Оның үштен бірі- сауынды. Бірақ соңғы уақытта сүттің нарқы арзандап кеткелі түскен табыс шығынды ақтамай жатыр дейді қожалық иесі. Тіпті жем-шөптен артылмайтынын айтады.

Қайрат ҚАНЫБЕКОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЗООТЕХНИГІ:

Егер есептейтін болсақ 1 басқа 3,5 мыңнан кетеді бір күндігі. Қазіргі уақытта біздің өткізіп жатқан сүтіміз 160-180 теңгеден өткізіп жатырмыз. Өйткені өзінің жеп жатқан жемін де ақтамай жатыр ол сүттер. Жабайық десек кредитке алынған бұл малдар. Ертең жабылатын болса біз банкрот болып қаламыз да.

Осылайша отыздан астам қожалық қиындыққа тап болып тұр. Шаруашылықтар бұрын Түркістан облысы аумағында болған. Кейін қалаға қосылған соң жер санаты өзгерген.Сондықтан қолдау қаржыны алу тәртібі де басқа.

Жанна ЖҰМАШЕВА,  ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕПШІСІ:

Қазіргі программа бойынша біздің кадастрды енгізсең де, ИИН-ді, БИИН-ді енгізсең де бізде жер жоқ болып шығып жатыр. Сондықтан жерің жоқ, демек соған сәйкес шарушалығың да жоқ дейді. Ал жоқ нәрсеге субсидия қалай беріледі? Сондай қиындық туындап, біз 8 айдан бері субсидия ала алмаймыз сөздің шыны керек.

Қалалық басқармадағылардың пікірінше, мәселенің туындауына «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту» тұжырымдамасы себеп болған көрінеді. Әйтпесе, жергілікті бюджеттен қаражат қаралып қойған.

Талғат МЕКЕМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл бойынша әкімдік тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізілді. Хаттар жазылды. Министрлік тарапынан да шешілу жолдары қарастырылып жатыр. Мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймыз. Комиссия келді. Көріп, бүкіл шаруаларды көрсетіп, АКТілерін түзіп, видео, фото,.. Қала болса да осындай шаруалар бар, айналысып жатқанын көріп, актілерін алып кеткен. Қағидаға өзгеріс енгіземіз деген.

Былтыр 56 мың тонна сүт, 12 мың тонна ет өндірілген. Жергілікті азықтүлік бағасын тұрақтандыруда шаруа қожалықтарының үлесі басым. Осылай деген шенеунік мәселе жуық арада шешіледі деп сендіді.