Елордалық өрт сөндірушілер өрт кезінде 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды қалалық ТЖД.
«ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі Бөгенбай батыр 3 А мекенжайында шақыртуға келді. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үй кешенінің 2-12 қабат аралығында кабель шахтасында 36 ш.м. аумақта өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен 10 адам құтқарылды, оның 4 бала және өздігінен жоғарғы қабаттардан 25 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды», - делінген ақпаратта.
Өрт толығымен жойылды.