$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ерекше бала жоғалып кетті": Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім екі күннен бері табылмай жатыр

AstanaTV
05.06.2024ж. 11:33
1061
"Ерекше бала жоғалып кетті": Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім екі күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбеде аутизм дертіне шалдыққан бала екі күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған 13 жастағы баланы табу үшін ауқымды іздеу жұмыстары басталды. Аутизм дертіне шалдыққан бала 4 мамырда атасы мен әжесі тұрған үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде ауладан ішкиім мен футболкамен шығып, кейін жоғалып кеткен баланың видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Аутизммен ауыратын ерекше бала із-түссіз жоғалып кетті. Ол 4 мамырда сағат 17:00 шамасында Заречный 1, Телефонная көшесі мекенжайында үйден шығып, күні бүгінге дейін оралмаған. Үстінде сұр түсті футболка, қара ішкиім, жалаң аяқ болған. Түні бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді, бірақ әзірге еш нәтиже жоқ", - дейді ерікті Екатерина Голотина.

Полицияның мәліметінше, жоғалған баланы іздеуге Ұлттық ұланның 50 әскері қосылған.

"Жоғалған баланы іздеуге жүзден аса полиция қызметкері, ерікті кинологтар, әскери қызметкерлер мен туыстары қосылды, бірақ әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермей отыр", - дейді полиция басшысы Ерболат Сарқұлов Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.