$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Шымкентте жоғары сыныптың оқушылары тіл үйренгісі келетіндерге тегін дәріс өтуде

Шымкентте жоғары сыныптың оқушылары тіл үйренгісі келетіндерге тегін дәріс өтуде

Шетелдік оқу орындарының грантын жеңіп алған мектеп түлектері іл үйренгісі келетіндерге тегін дәріс өткізуде. Жаз бойы ілім іздеген жандарға қызмет көрсетпекші. «Тілдер саябағы»атты әлеуметтік жобасына 6 жас пен 60 жас аралығындағы қала тұрғындары қатысады. Олардың қазақ, орыс және ағылшын, түрік, француз тілдерін ақысыз үш ай бойы үйренуге мүмкіндігі бар. Күніне бір сағаттан, бір күнде бірнеше тілді меңгерем дегендерге де есік ашық. 

Нұрай ӘБДІӘШІМ, ЕРІКТІ:

Өзім Италия еліне түстім оқуға. Және мен де осылай «тілдер саябағы» арқылы өзімнің ағылшынымды дамытқам. Және содан менде мотивация пайда болды: мен шетелде оқығым келеді, мен басқа тілдер үйренгім келеді. Ағылшын тілін өзге адамдарға үйретіп жатырмын. Өзімнің білгеніммен бөліскім келеді.