$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жамбылда жұрт интенсивті бақша егіп қаржыға қарық боламыз деп қарызға батқан

05.06.2024ж. 20:00
308
Жамбылда жұрт интенсивті бақша егіп қаржыға қарық боламыз деп қарызға батқан

Жамбылда жұрт интенсивті бақша егіп қаржыға қарық боламыз деп қарызға баттық дейді. Бес жүзге гектарға жуық жерге шет елдің алмасын отырғызып, бес жылдан бері бір түйір алма көрмеген. Бастапқыда аграрлық корпарация бізді алдап соғып жұмсаған қаражаттарын енді мойнымызға іліп жатыр дейді шаруалар. Соңғы үлгіде салынған әр қайсысы 50 гектардан болатын 10 бақшадан бір келі алма шықпай қурап қалған. Шаруалардың шағымын аймақтағы тілшіміз тыңдап қайтты.

Интенсивті бақша құжат жүзінде 2015 басталған. Бірақ іс жүзінде бағбандар 2017 жылы ғана Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен келісім шартқа отырған. Қаржы институты ақша аударған 465 гектар жерге жеткізуші тарап алма бақ салып берген. Көшеттерін шел елден алдырып, соңғы үлгідегі құрылғылармен салынған алма бақтың жарнамасы жер жарған соң бағбандар бірігіп кіріскен. Бірі үйін банкке тігіп несие алған, бірі мал мүлкін сатып ақшасын бақшаға салған. Алайды мақтауы келіскен бақшадан бір түйір алма шықпай қурап, барлығы жарамсыз болып қалған. Ал жұмсалған қаржы 7 млрд-қа жуық.

Серік ЕРАЛИЕВ, БАҒБАН:

Үкіметтің ақшасы шықты осынша. Оны кім төлейді. Алма бақ қараусыз қалды. Агроном жоқ. Сол себептен үкіметтің ақшасы шығын болып жатыр.

ЕЛДОС ЕРАЛИЕВ, БАҒБАН:

Егілген шет елдің алмалары біздің климатқа сәйкес келмеді ма? Болмаса ауру болып келді ма, қазақстанға кірген көшеттер аура бастады. Бактериалды ожок дейді. Жапырағына дақ түскендей болады. Жоғарыдан төмен қурайды.

Убайдулла СЕРЕЕВ, БАҒБАН:

Бұл коорупционный жүйе болып тұр. Зардабын халық тартып жатырмыз. Экспертиза жасалғанын жасалмағанын білмейміз.

Интенсивті 50 гектар алмақ бақты салуға 700 млн теңге кетіпті. Жауаптылар шет елдік сұрып екі жылда өнім береді, - деген. Сонымен қоса тыңайтқыш пен түрлі шығындар жылма-жыл субсидиялануы тиіс болған. Алғашында әр талынан 15 келіге дейін өнім аласыздар деп уәде берген. Бірақ бақшаның түрі мынау қамыс басып, арам шөп шығып, шет елден алдырған көшеттер ауру болып қурап қалған. Қазір шаруалар аграрлық несие корпорациясымен соттасып жүр.

Бауыржан ТӘЖІБАЕВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді көптеген проблемалар бар. Кейбір шаруаларда су жоқ дейді. Бірақ су бар. Енді ол әркімнің өз сылтауы бар. Аграрлық несие корпорациясы қаржы ұйымы болғандықтан қарыз алушылар туралы мәліметтерді жария етуге құқымыз жоқ.

50 гектарлық жерге салынған алма бақты 10 бағбанға бөліп берген. Қазір шаруалардың әр қайсысы қаржы институтына 70 млн қарыз. Келісім шартқа отырғанда мұндай боларын белмедік дейді. Субсидиясының өзін 2 жыл кешіктіріп беріпті. Енді қурап, қирап қалған алма бақтың қарыз қалай өтейміз деп бағбандар бастарын ұстап отыр.